5 жылға арналған индустриялық даму бағдарламасы аясында қажетті тікелей инвестициялардың көлемі 50 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрайды - Ә. Исекешев

None
None
АНА. Наурыздың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 5 жылға арналған индустриялық даму бағдарламасы аясында қажетті тікелей инвестициялардың көлемі 50 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан Исламдық қаржыландыру жүйесі конференциясында вице-премьер, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз сіздерге Қазақстанның индустриялық дамуына арналған 5 жылдық бағдарламасына қатысуды ұсынамыз. Оны іске асыруға біз биыл кірісіп отырмыз. Есептеулер бойынша жалпы қажеттілік тікелей инвестициялардың көлемінде 50 млрд. АҚШ долларынан астам қаржыны құрайды», деп атап өтті Ә. Исекешев.

Осы орайда министр Исламдық қаржыландыру жүйесінің өкілдеріне бұл бағыттағы көптеген басымдықты жобаларға қатысуы тұрғысында ұсыныстар жасауға дайын екенін жеткізді.

Елбасының Жолдауына сәйкес Қазақстан 2020 жылы ТМД және Орталық Азиядағы Ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы тиіс екенін еске салып өткен Ә. Исекешев аталған мақсаттарды жүзеге асыру бойынша ең басты мақсаттардың бірі Исламдық қаржыландыру тетіктері арқылы Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия инвесторларын тарту көзделіп отырғанын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар