5 жылда жалпы құны 2,4 трлн. теңгені құрайтын 56 жоба іске қосылмақ - Көлік және коммуникация министрлігі

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -2010 жылы көлік-коммуникация кешенінің бюджеті 266,2 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Көлік және коммуникация министрі Әбілғазы Құсайынов мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан ұстанымын жақсартуға үдетілген индустриялық-инновациялық дамудың 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру ықпал етпек. Осы орайда 5 жылда жалпы құны 2,4 трлн. теңгені құрайтын 56 жоба іске қосылмақ»,-деді министр.

Ә. Құсайыновтың сөзіне қарағанда, 2010 жылы көлік-коммуникация кешенінің бюджеті 266,2 миллиард теңгені құрайды. Сонымен қатар, жол картасын жүзеге асыруға 29,1 миллиард теңге бөлінді.

Соңғы жаңалықтар