5 жылда сүт импорттын алмастыру мәселесі толық шешіледі - АШМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров елімізде сүт өндіру саласындағы жоспарлармен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сүтті мал шаруашылығы секторында импортты алмастыру міндетіне сәйкес, сүтті-тауарлы фермалар желісін құру және кеңейту жобалары жүзеге асырылып жатыр. 2019 жылы қуаттылығы 40 мың тонна сүт өндіретін 8 өнеркәсіптік және 14 отбасылық ферма қолданысқа берілді. Алайда, 464 мың тонна көлемінде сүт импорты бар», - деді С. Омаров Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, министрлік алдында жыл сайын 25 сүтті-тауарлы фермаларды жүзеге асыру бойынша үлкен міндет тұр.

«Жалпы 5 жыл ішінде қайта өнделген сүт өндірісі көлемін 500 мың тоннаға арттыру арқылы импортты алмастыру мәселесін толық жабу жоспарланған. Облыс әкімдіктерімен бірлесіп әлеуетті сүтті-тауарлы фермалардың жобалары пысықталды. Өңірлермен биыл 32 өнеркәсіптік сүтті-тауарлы фермасын салу және 43 отбасылық ферманы қайта жабдықтауға қаржыландыру ұсынылды. 7 өнеркәсіптік сүт фермасы жобалары бойынша қаржыландыру мәселесі шешілді, бір жоба өз қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатыр. Басқа жобалар бойынша қаржыландыру биыл «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қосымша бөлінген 400 млрд теңге аясында жүзеге асырылатын болады», - деп түсіндірді министр.

Министрлік тарапынан «ҚазАгро» ҰБХ АҚ-мен бірлесіп казіргі уақытта инвестициялық жобаларды қаржыландыру кезінде кепілдік талаптары оңтайландырылды.

«Сүтті-тауарлы фермаларды жүзеге асырған инвесторларға инвестициялық жоба бойынша жұмсалған шығындарын субсидиялау түріндегі қолдаулар және де қайта өндеуге өткізілген сүт бағасын арзандату бойынша субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі», - деді ведомство басшысы.


Соңғы жаңалықтар