+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

5 жылда кеден саласында 700-ден аса қылмыс тіркелген

2021 жылғы 10 қыркүйек 12:45
Бөлісіңіз:
5 жылда кеден саласында 700-ден аса қылмыс тіркелген

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетовтің төрағалығымен Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіліп, онда экономикалық контрабандаға қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Қырғызстандық 73 млн теңгенің тауарын шекарадан заңсыз өткізбек болды Жамбыл облысында баласын сатқан 22 жастағы келіншек ұсталды Алматы облысында жеті автокөлікті тонаған 20 жастағы күдікті ұсталды

Оның жұмысына Үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстардың прокурорлары, құқық қорғау, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Отырысты аша отырып, Бас Прокурор экономикалық контрабанда мемлекетке елеулі залал келтіретінін, отандық бизнес үшін тең емес бәсеке тудыратынын атап өтті. 5 жыл ішінде Республика бойынша кеден саласында 700-ден аса қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Кеңесте Қаржы мониторингі агенттігі мен Мемлекеттік кірістер комитетінің қабылдап отырған шаралары туралы баяндамалар тыңдалды.

Шетелдік мемлекеттермен ақпарат алмасу, ішкі нарықты заңсыз импорттан қорғау және кедендік бекеттерді техникалық жарақтандыру мәселелері талқыланды.

Ғ. Нұрдәулетов «Қазақстанда көліктің шекарада орынсыз тұрып қалу фактілерін болдырмай, қабылданып отырған шаралар адал бизнес үшін кедергі келтірмеуі керек» деп атап өтті.

Іс-шара қорытындысымен Үйлестіру кеңесінің мүшелері шекарадағы заңсыз сауда айналымына қарсы күрес бойынша ұсынымдар берді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT