+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артты  - Асқар Мамин

2019 жылғы 3 желтоқсан 10:30
Бөлісіңіз:
5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артты  - Асқар Мамин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дәленов: 7 млн адам тұратын 3 477 ауыл жаңғыртылады СҚО ауылдарындағы үйлерге ауызсу тартылды 2023 жылға дейін барлық ауылға сапалы ауыз су беріледі – Елбасы

Өңірлерді дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасы талқыланған бүгінгі Үкімет отырысы барысында Асқар Мамин соңғы 5 жылда Қазақстанның ірі қалаларындағы тұрғындар саны 15 пайызға артқанын айтты. Сонымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға да назар аударды.

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, таяу 7 жылда негізгі басымдықты «Ауыл - ел бесігі« бағдарламасын жүзеге асыруға саламыз. Бұл шамамен 7 млн ауыл тұрғынының өмір сапасын жақсартатын болады. Бұл шамамен ауыл тұрғындарының 90 пайызын құрайды», - деді Үкімет басшысы.

Премьер-Министр Ұлттық экономика министрлігі ұсынған өңірлерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында бұл міндеттер көрсетілгендігін атап өтті.

«Өңірлік стандарттар жүйесі бойынша өсу әлеуеті жоғары және спутник ауылдар нысандарымен, сонымен қатар базалық мемлекеттік және әлеуметтік қызметтермен 100 пайыз қамтамасыз етіледі. Жалпы, мемлекеттік бағдарламаның ұсынылған тәсілдерін мақұлдауды ұсынамын. Ұлттық экономика министрлігіне бағдарлама жобасын белгіленген тәртіппен Президент әкімшілігімен келісу және тиісті қаулыны Үкімет мүшелерінің дауыс беруіне шығаруды тапсырамын. Роман Васильевич, бақылау сізге жүктеледі», - деді Асқар Мамин орынбасары Роман Склярға қарата.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT