5 жылда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі екі есеге артты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 жыл ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ағыны 3 есеге ұлғайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінен мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында жүргізіліп жатқан саясат бірінші кезекте азық-түлік тауарларымен нақты қамтамасыз етуге бағытталған. Тұтастай алғанда, соңғы жылдары мемлекеттік қолдау шараларын іске асырудың арқасында республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың оң серпіні байқалды. Мәселен, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі соңғы 5 жылда екі есеге артып, 7,4 трлн теңгені құрады (2016 жылғы 3,7 трлн теңгеден бастап)», - делінген министрліктің ҚазАқпарат агенттігіне берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ағымының тұрақты үрдісі сақталып отыр.

«5 жыл ішінде ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар ағыны 3 есеге ұлғайды және 2021 жылы 773,2 млрд теңгені, тамақ өнімдері 1,7 есе ұлғайып, 114,4 млрд теңгені құрады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі 3,3 млн теңгеге жетті немесе бес жыл ішінде өсім 2,4 есе (2016 жылы – 1,4 млн. теңге) болды», - деп аталып өткен ведомство мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты бірқатар мәселені көтерген болатын.


Соңғы жаңалықтар