+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

5 желтоқсан. Туған күн иелері

2019 жылғы 5 желтоқсан 08:08
Бөлісіңіз:
5 желтоқсан. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 5 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


63 жыл бұрын (1956) Ақтөбе облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Сабырұлы ЖҰМАҒАЗИЕВ дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Исатай ауданы Қобыланды ауылында дүниеге келген.

Алматы малдәрігерлік институты, Алматы экономика және статистика институтын бітірген.

1980-1985 жылдары - Ақтөбе облысы Қобда ауданы «Қобда» кеңшарында зоотехник-селекционер, бас зоотехник; 1985-1990 жылдары - «Ильич» ұжымшарының партком хатшысы; 1990-1994 жылдары - Қазақстан КП Қобда аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары; 1994-1996 жылдары - «Серп и Молот» ұжымшары басқармасының төрағасы; 1996-1997 жылдары - Исатай ауданының әкімі; 1997-2006 жылдары - Қобда ауданының әкімі; 2006-2007 жылдары - облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар тасымалы басқармасының бастығы. 2007-2010 жылдары - Қарғалы ауданының әкімі.

2010-2011 жылдары - Ойыл ауданының әкімі. 2011-2014 жылдары - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы. 2014-2017 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі қызметінде 2017 жылғы маусымнан.

Қазақстан Республикасының «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен, сондай-ақ мерейтойлық медальдармен марапатталған. Ақтөбе облысының 2003 жылғы «Жыл адамы».


56 жыл бұрын (1963) Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Фахриддин Әбдінабиұлы ҚАРАТАЕВ дүниеге келді.

Ол Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылында дүниеге келді. «Жеңіл өндіріс машина аппараттарының инженер механигі» мамандығы бойынша Жамбыл технологиялық жеңіл өндіріс институтын бітірген.

Еңбек жолын 1981 жылы Жамбыл тері шикізат заводы цехының 2-разрядты тараз өлшегіші болып бастаған.1981 - 1982 жылдары - Жамбыл тері шікізат заводы цехының тері тақтаушысы. 1984-1985 жылдары - Жамбыл тері тазалау заводы цехының тараз өлшегіші. 1985-1987 жылдары - Жамбыл ауданының бидай жинау қоймасының даярлаушысы, жұмысшысы. 1987 жылы қыркүйек - қазан - Қаратау фабрикасының 6-разрядты жұмысшысы. 1987-1991 жылдары - Ақсу өндірістік комбинатының жұмысшысы, аға шебері, жабдықтау және өткізу бөлімінің бастығы. 1992- 1993 жылдары - шыны ыдыс цехының басшысы, аға жабдықтаушы. 1993-1994 жылдары - «Фрунзе» совхозының бас инженері. 1996 жылы - Қарабұлақ ауыл округінің әкімі қызметін уақытша атқарушысы. 1996 - 2004 жылдары - Қарабұлақ ауыл округінің әкімі. 2004 жылы - Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі. 2004-2006 жылдары - «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық саяси газетінің бас редакторы. 2006 жылы - Сайрам ауданы әкімінің орынбасары. 2007-2012 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Сайрам аудандық бөлімі төрағасының бірінші орынбасары. 2012-2015 жылдары - жеке кәсіпкерлікпен айналысты. 2015 - 2016 жылы - «Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық саяси-газетінің директоры - бас редакторы.

2016 жылдың 24 наурызынан Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің VI - шақырылым депутаты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT