+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

5 тамыз. Туған күн иелері

2020 жылғы 5 тамыз 08:10
Бөлісіңіз:
5 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 5 тамыз күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
29 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі 25 қыркүйек. Туған күн иелері 25 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

98 жыл бұрын (1922-2014) авиация генерал-майоры, екі мәрте Совет Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы БИГЕЛДИНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы Майбалық ауылында туған. Саратов және Орынбор әскери авиациялық училищесін бітірген. Балалық және жастық шақтарын Бішкекте өткізді. 16 жасында аэроклубқа оқуға түсті. 1943 жылдың қаңтарында Бигелдинов Калинин майданына келді және алғашқы шайқастарда-ақ ерлік көрсетті. 1944 жылдың 26 қазанында оған Совет Одағының Батыры атағы берілді. Бұл уақытқа дейін ол 200 әскери ұшулар жасады. Т.Бигелдинов Берлин үшін шайқасқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған екінші мәрте Совет Одағының Батыры атағы берілді. Ол Совет Одағының Батыры атағын екі рет иеленген 65 әскери ұшқыштың бірі болды. Бигелдинов 1945 жылдың 24 маусымында Жеңіс шеруіне қатысты. 1950 жылы Бигелдинов әскери-әуе академиясын аяқтады және 1956 жылға дейін СССР Қорғаныс Күштерінің қатарында командир орынбасары және авиациялық полк штабының басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. 1956 жылы авиацияның генерал-майоры Бигелдинов запасқа кетті. 1957-1970 жылдар аралығында - Азаматтық авиацияның қазақ территориалдық басқармасының аға инспекторы және бастықтың орынбасары. 1968 жылы Бигелдинов Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын сырттай бітіріп, ұзақ уақыт бойы ҚазССР мемлекеттік құрылымы жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Т.Бигелднинов сондай-ақ Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен, ІІ және ІІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ және өзге де отандық және шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған.

63 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутатыИрина Петровна АРОНОВА дүниеге келді.

Калининград облысы (қазіргі РФ) Светлый қаласында туған. әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.

1977-1984 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет үйінің методисі болды. 1984-1985 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы. 1985-1987 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық жергілікті радиоұйымдастырушысы. 1987-1992 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық атқару комитеті мәдениет комитетінің төрайымы. 1992 жылы - Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1992-1995 жылдары - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің орынбасары. 1995-1998 жылдары - Қостанай өңірлік күнкөрісі төмен азаматтарды қолдау қорының атқарушы бастығы. 1998-2007 жылдары – «Отан» («Нұр Отан» ХДП) Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Қазақстан Республикасының тәулсіздігіне 20 жыл» (2011) медальдарымен, ҚР Президенті құрмет грамотасымен (2007) марапатталған.

61 жыл бұрын (1959) – Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының судьясы СМОЛИН Анатолий Сергеевич дүниеге келді.

Ақмола облысы Новочеркасск ауданының Жалтыр ауылында туған. Свердлов заң институтының заң факультетін бітірген (1986), құқықтанушы.

Еңбек жолы: 1977 жылдан - РКФСР Свердлов облысының Асбест қаласындағы асбест байыту фабрикасының конвейер машинисі. 1978 жылдан - Көкшетау тас уату зауытында ДСЦ-2 ауысым шебері. 1978-1981 жылдары - ӘТФ қатарында қызметте. 1986 жылдан - Көкшетау облыстық сотында сынақ мерзімінен өтуші. 1987 жылдан - Көкшетау облысы Красноармейск аудандық сотының судьясы, 1990 жылдан - сот төрағасы. 1996 жылдан - СҚО Тайынша аудандық сотының төрағасы. 1998 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер женіндегі алқасының терағасы. 2002 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2007 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасының төрағасы. 2010 жылдың ақпан айынан бері - ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2015 жылдан – Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің төрағасы.

Қазіргі қызметінде 2018 жылдың сәуірінен бастап.

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтой медальдарымен, ҚР Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған(2009).

59 жыл бұрын (1961) киноактер, Қазақстанның халық әртісі Жанат Әнуарбекұлы БАЙЖАНБАЕВ дүниеге келді

Алматы қаласында туған.

Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркемөнер институтының актерлік факультетін бітірген (1982), театр және кино актері. 1982 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясының актері (қазіргі - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). 2002-2004 жылдары - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК киностудиясында актерлік бөлімнің бастығы. Қазақстанның еңбек сіңірген актері, СССР Кинематографистері одағының мүшесі (1987 жылдан). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT