+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды

2020 жылғы 2 шілде 18:13
Бөлісіңіз:
5 шілдеден бастап қандай бағыттағы пойыздар тоқтайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан аумағында 5 шілдеден бастап карантин шараларының күшейтілуіне байланысты бірқатар жолаушылар пойызының жүру кестесі өзгерді. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін 1 шілдеден бастап 3 коммерциялық пойыздың қатынауы уақытша тоқтағанын жазған болатынбыз. Олар:

- №19/20 «Нұр-Сұлтан-Атырау»;

- №95/96 « Нұр-Сұлтан-Орал»;

- №701/702 «Нұр-Сұлтан-Алматы».

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге қатаң шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.

Олардың арасында теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау бойынша да шектеулер бар.

Осыған орай, 5 шілдеден бастап әлеуметтік маңызы бар бірқатар бағыттарға өзгеріс енгізіледі:

1. №321/322 «Алматы – Сарыағаш» жолаушылар пойызы тоқтатылады.

2. Келесі бағыттардың қатынау жиілігі қысқарады:

- №3/4 «Алматы-Нұр-Сұлтан» күнара (күн сайынның орнына);

- № 31/32 «Алматы-Павлодар» күнара (күн сайынның орнына)

- № 67/68 «Нұр-Сұлтан-Өскемен» күнара (күн сайынның орнына)

- №257/258 «Нұр-Сұлтан-Достық» аптасына 1 рет (аптасына 2 реттің орнына).

Айта кетейік, Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі алынғаннан кейін, пойыз қатынасы кезең-кезеңімен қалпына келтіріле бастаған болатын.

Бүгінгі таңда жалпы алғанда 93 пойыз рейстерді орындауда.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT