5 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 5 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

09.00-де «UMC» корпоративтік қорының Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы аумағында 100-ден астам медициналық қызметкерлердің қатысуымен флешмоб өтеді.

11.00-де «ЭКСПО» конгресс-орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығының салтанатты ашылуы өтеді.

11.00-де Астана қаласының 20 жылдығына орай «Қолжазбалар мен сирек кітаптар  ұлттық орталығы» мен Павлодар облыстық «Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейі» бірлесіп ұйымдастырған «Астана - Алаш арманы» атты тақырыптық көрменің салтанатты ашылуы өтеді.

11.00-де Назарбаев орталығында республикалық «Жаңа көзқарас» фотокөрмесі ашылады.

11.00-де «Silk Way» бизнес орталығында «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Астананың 20-жылдығына арналған жастардың ең үздік бейне құттықтауы республикалық конкурсы қорытындыланады.

12.00-де «Шаттық» жас дарындар фестивалі басталады.

15.00-де Хан Шатырда бокстан екі салмақ санаты бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

15.50-де ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде «Мемлекеттік кірістер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында брифинг өтеді.

15.30-да «Saint Regis» қонақ үйінде «Қазақстандықтардың салауатты және ұзақ өмір сүруге арналған дербес медицинаны дамыту стратегиясы» жобасының таныстырылымы өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де Алатау ауданы әкімдігінің ғимараты жанында, Әуезов ауданындағы «Гранд парк» ОСО, Медеу ауданындағы Орталық мәдениет және спорт саябағында және Түрксіб ауданындағы MART Vilage сауда орталығында мерекелік концерттер өтеді.

11.00-де Банк ЦентрКредиттің бас кеңсесінде 7-20-25 алғашқы займ алушы банкпен несиелік келісімшарт жасайды.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

16:00-де Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Елбасы және Тәуелсіздік» атты жаңа тарих залы ашылады. Зал 5 бөлімнен тұрады және мұнда тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент - Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғалық рөлі көрсетілген.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

17.00-де Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында Астана күніне арналған салтанатты жиын өтеді.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ
12:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде «ҚР Ұлттық Банкі» РММ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры А.Ботанбеков Елбасының Бес әлеуметтік бастамасындағы «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» ипотекалық тұрғын үй кредитін беру бағдарламасы бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар