5 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА 5 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде:

- 2022-2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау;

- бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» Ұлттық сараптамалық алаңының ашылуы өтеді. Тақырыбы – «Мемлекет басшысының саяси реформалары».

Іс-шара барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси реформалар бағдарламасын жан-жақты талқылау және тереңінен талдау жоспарланған. Талқылау алаңына белгілі саясаткерлер, саяси партиялардың жетекшілері, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысады.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында баспасөз мәслихаты өтеді. Тақырыбы: «Индустриялық жобаларды жүзеге асыру туралы».

Спикерлер: ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев; ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев; «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ басқарма төрағасы Берік Бекенов; «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Байбазаров.

Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

14.15-те «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында «Отандық азық-түлікті тұтыну – келешегі мен кедергілер» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша пресс-брифинг ұйымдастырылады. Оған саланың жетекші сарапшылары қатысып, тілшілердің сұрақтарына жауап береді.

15.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында британдық жазушы Ник Филдингтің «Ұлы дала саяхатшылары: папа елшілерінен бастап, Ресей революциясына дейін» кітабының қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларының тұсаукесері өтеді.

15.00-де Сенатта «Отандық ауылшаруашылық техника өндірісін дамыту: қазіргі ахуал, түйіткілдер және келешегі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтеді.


Соңғы жаңалықтар