5 сағат ішінде Алматы полицейлері тыйым салынған жерге қойылған 23 көлікті айып тұрағына жіберді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда қалалық жол полициясының қызметкерлері көлікті қою туралы жол ережесінің сақталуын тексеру мақсатында рейд өткізді. Рейдке БАҚ өкілдері де қатысты.

5 сағат ішінде Алматы полицейлері тыйым салынған жерге қойылған 23 көлікті айып тұрағына жіберді. Тексеру барысында 70 ереже бұзу дерегі тіркелді.

«Қаладағы тұрақ инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында рейд жүргізілді. Әкімшілік полиция инспекторлары кешкі сағат 16:00-ге дейін 70 тұраққа қою ережесін бұзу дерегін тіркеп, 23 көлікті айып тұрағына жіберді. Көлік жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», - деді қалалық ІІД басқармасы басшысының орынбасары Жандос Мұраталиев.

Белгілі болғандай, жүргізушілер көбіне көліктерін жол бойында, автобус аялдамаларына қойып кетеді. Мұндай бассыздықтың алдын алу мақсатында «Тұрақ» жедел-профилактикалық шарасы үнемі өткізіліп тұрады.

Соңғы жаңалықтар