5 сағат бойы тұтқында болған келіншек өзін мазаламауды сұрады

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің ғимаратына барған Әсем тілшілерден өзін мазаламауды сұрады. Ол жағдайының нашар екенін айтып, сөздерін бұрмаламауды өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаменті бүгін арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Себебі, 14 наурыз күні Абылай Тілеуовтың қолында 5 сағат бойы кепілде болған келіншек өзін сұрақтармен мазалаған тілшілерге бір рет ресми жауап беруді жөн көрді.

«Қазір «Жемчуг+» стоматологиялық клиникасындағы қылмыстық оқиғаға байланысты іс тергеліп жатыр. Облыстық ішкі істер органдары жәбірленушілер мен куәгерлерден жауап алып, бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды. Табельді қаруды қолдану дерегі бойынша да қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», - деді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Ернар Қалиақпаров.

Баспасөз мәслихатында кепілде болған келіншек өзін мазаламауды өтініп сұрады. «Менің басымнан өткен жағдайды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Полиция қызметкерлерінің қару қолданғаны туралы да айта алмаймын. Құқық қорғаушылар менің өмірімді сақтап қалды, алғысым шексіз», - деді жәбірленуші Әсем.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 14 наурыз күні кешкі сағат 19:00-де Абылай Тілеуов «Жемчуг+» стоматологиялық клиникасын барып, әкімшіні тұтқынға алды. Кейін 7 наурыз күні ажырасып кеткен әйелін әкелуді талап етт і.  Арнайы операция кезінде табельді қару пайдаланылып, А.Тілеуов оқиға орнында көз жұмды. Кейін сол күні болған оқиға туралы келіссөздің бейнеайғағы ғаламторға шығып кетті.  Қазір осы дерекке қатысты қызметтік тексеру басталды.

Соңғы жаңалықтар