5 полиция қызметкеріне Қаңтар оқиғасына қатысқандарды азаптады деген күдік келтіріліп отыр

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 полиция қызметкеріне Қаңтар оқиғасына қатысты деген айыппен ұсталғандарды азаптады деген күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура органдары қаңтар айындағы оқиғалар кезеінде ұсталғандарды азаптаған полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар Алматы облысының полиция департаментінде үтік басумен азаптауды қолдану туралы іс бойынша тергеу әрекеттерін аяқтады.

Нәтижесінде полиция қызметкерлерінің 2022 жылғы 7-17 қаңтар аралығында Талдықорған қаласында жаппай тәртіпсіздік жасағаны үшін ұсталған 23 азаматқа азаптау қолданғаны дәлелденді.

«Қылмыстық кодекстің 146-бабы бойынша 5 полиция қызметкері күдікті деп танылды. Олардың арасында 3 Криминалдық полиция басқармасының қызметкері, 1 Әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және 1 ЖҚАЖ қызметкері бар.

2022 жылғы 4 тамызда қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды. Азаптауды қолданудың басқа да фактілерін тергеу аяқталуға жақын»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар