5 өңірді қалың тұман басады - Қазгидромет
2023 жылғы 1 ақпан, 19:15

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет 2 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Шығыстан жел соғады түнде желдің екпіні 17 м/с жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман болады.
Қызылорда облысының орталығында тұман, көктайғақ болжанады.
Алматы қаласын да қалың тұман басады.
Теги:
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары