5 өңірде әлеуметтік көмір бизнес субъектілеріне сатылған - Үкімет отырысы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Әлеуметтік көмірді бизнес субъектілеріне сату фактілері анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен кезеңдегі тәжірибе көрсеткендей, жылу маусымы қызған шағында әлеуметтік көмірдің сату нүктелерінен шетке кету фактілері орын алды. Мәселен, еліміздің 5 өңірінде 400 мың тоннаға жуық көмір шетке кетті. Әкімдіктер тарапынан бақылаудың болмауына байланысты бірқатар өңірлік операторлар әлеуметтік көмірді мақсатсыз, яғни бизнес субъектілеріне сата бастады», - деді Индустрия министрі.

Министрдің атап өтуінше, алдағы жылыту кезеңінде коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жетіспеушілігін болдырмау мақсатында көмір өндіруші кәсіпорындарды қоспағанда, көмірді автокөлікпен және теміржол көлігімен әкетуді шектеуге бағытталған алдын алу шаралары қабылданып жатыр.


Соңғы жаңалықтар