5 өңір нысаналы трансферттерді иегере алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы жылдың 2 айында өңірлер нысаналы трансферттердің 6 млрд теңгесін игере алмады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергілікті бюджеттердің шығыстары 1 трлн 138 млрд теңгені құрады. Атқарылмағаны - 47 млрд теңге. Осы жылы өңірлерге 2,6 трлн теңге сомасына жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 наурызға дейін 310 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8 пайызы игерілген», - деді министр.

Ерұлан Жамаубаевтың дерегінше, атқарылмағаны – 10 млрд теңге. Оның ішінде 4 млрд теңге үнемдеу болса, ал 6 млрд теңге игерілмей қалған.

«Ең көп игерілмеу мына өңірлерде: Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Түркістан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында қалыптасты», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар