5 облыста ауа райына байланысты көлік жолдар жабылды

None
None

Серіктестік таратқан мәліметтерге қарағанда, Астана қаласы бойынша сағат 19-00-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (қатты аяз) «Астана - Павлодар» тасжолы барлық автокөлік түрлері үшін жабық.

Ал сағат 20-00-ден бастап республикалық, облыстық және аудандық автожолдарда барлық бағытқа дизель жанармайымен жолаушы және жүк таситын көлік түрлеріне шектеу қойылды.

Ақмола облысында сағат 20-00-ден бастап республикалық, облыстық және аудандық автожолдарда дизель жанармайымен жолаушы және жүк таситын көлік түрлеріне барлық бағыт бойынша шектеу қойылды.

Қарағанды облысында сағат 17-00-ден бастап «Молодежный - Павлодар обл. шекарасы» («Қызыл-Орда - Павлодар» а/ж 1066-1135 км) автожолының барлық бағыты бойынша жол жабылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 17-00-ден бастап, республикалық, облыстық және аудандық автожолдарда барлық бағытқа дизель жанармайымен жолаушы және жүк таситын көлік түрлеріне шектеу қойылды.

Павлодар облысында сағат 19-00-дан бастап республикалық және облыстық маңызы бар автокөлік жолдарында көліктер үшін жол жабылды.

Шығыс Қазақстан облысында сағат 17-00-ден бастап 25 желтоқсан күні сағат 08-00-ге дейін республикалық маңыздағы «Омск-Майқапшағай» (667-587 км, Бесқарағай а.-Павлодар обл. шек.) автожолдары маршруттық рейстік жолаушылар тасымалдайтын көлік құралдарына, сонымен қатар дизельді қозғалтқышпен қамтылған автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Ал сағат 19-00-ден бастап республикалық маңыздағы «Омск-Майқапшағай» (667-587 км, Бесқарағай автожолының Павлодар обл. шек.) автожолының учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық.

Соңғы жаңалықтар