+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

5 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 4 наурыз 22:47
Бөлісіңіз:
5 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
15 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы 14 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы 13 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де «Астана жастары» КММ қолдауымен басталған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне қаланың базарларында жұмыс істейтін нәзік жандыларға 600 гүл шоғын таратады.

13.30-да Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Ахыска» түрік этномәдени орталығы 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Алғыс марафоны» мерекелік шарасын өткізеді.

14.00-де Құқықтық саясатты зерттеу орталығы «Қазақстанда харассмент үшін жауапкершілік енгізу» тақырыбында қоғамдық талқылау өткізеді. Талқылау ZOOM конференция форматында өтеді.

15.00-де Достық-Алашанькоу Қазақстан-Қытай шекара өткелі арқылы жүк тиелген пойыздарды өткізудің проблемалық мәселелеріне арналған кезекті IX «Магистраль» сарапшылар форумы өтеді. Форум Kun.KZ платформасында тікелей эфирде өтеді.

16.40-та Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының ескі ғимаратында «Астана Опера» театры мұражайының меңгерушісі Априза Құсайынованы еске алу шарасы өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT