5 мың қазақстандық абитуриент «Болашақпен» шетелде оқығысы келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес мыңнан астам қазақстандық абитуриент «Болашақ» стипендиясымен шетелдік ЖОО-да оқу үшін өтінім берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шетелдік оқу орындарында оқу бойынша стипендиялық бағдарламаға құжат қабылдау нәтижесінде, 5 мыңнан астам абитуриенттің өтінімі түсті, оның үш мыңнан астамы Ресейде оқығысы келеді», - делінген хабарламада.

Орталықтың хабарлауынша, шетелде оқығысы келетін мектеп түлектерінің саны жылдан-жылға артып келеді. Биыл 297 мың түлек өтінім берген. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп. 2025 жылға қарай олардың саны 400 мыңға жетеді деп күтілуде.

«Қазақстан азаматтарын сапалы шетелдік біліммен қамтамасыз ету үшін Орталық білім гранттарын көбейту бойынша жұмыс істеп жатыр. Нәтижесінде биыл Қазақстан азаматтары үшін серіктес елдер 10 мың стипендия бөлген. Грант бөлген мемлекеттер арасында Мажарстан, Польша, Қытай, Ресей, Тәжікстан және өзге де елдер бар», - деп атап өтті компания.

Мамыр айында Шымкент әкімдігінің өтінімімен ресейлік ЖОО-лардың өкілдері қала тұрғындары арасында қабылдау сынағын өткізді.

Соңғы жаңалықтар