5 млн-нан астам ресейлікке коронавирус вакцинасы салынды

None
None
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Қазірдің өзінде 2,5 млн ресейлік коронавирусқа қарсы екпенің екі компанентін алып үлгерді, ал вакцинацияның бірінші кезеңінен 5 млн адам өтті. Бұл туралы жұма күні Ресейдің вице-премьері Татьяна Голикова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Тікелей вакцинацияға келетін болсақ, бүгінгі таңда вакциналардың бірінші компонентімен 5 миллион Ресей азаматы вакцинацияланды, 2,5 миллион ресейлік вакцинаның екі компонентін алды»,- деді ол.

Голикованың айтуынша, елде коронавирусқа қарсы вакциналардың 13,9 миллион дозасы өндірілген. Азаматтарға вакцинаның шамамен 7,9 млн дозасы қолжетімді.

Ресей Федерациясында коронавирусқа шалдығу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 7,5-ті құрайды, деп атап өтті Голикова.


Соңғы жаңалықтар