5 маусымда шетелдіктердің Қазақстанда жүріп-тұру мерзімі аяқталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 5 маусымда шетелдіктердің Қазақстан аумағында уақытша жүріп-тұру мерзімі аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 желтоқсандағы шешімімен пандемияға байланысты мерзім ұзартылған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы құрлықтағы және авиациялық өткізу пунктері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

15 мемлекетпен (Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Корея Республикасы, Украина, Түркия, Египет, Германия, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланды Корольдігі, Грузия, Черногория, Шри-Ланка) тұрақты әуе қатынасы жаңарды.

ҰҚК Шекара қызметі шетелдіктерді азаматтығы бар елге кедергісіз қайтару бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Карантин шектеулері кезінде, оның ішінде онлайн форматта адамдардың елден шығу тәртібін түсіндіру ұйымдастырылды.

Шекара қызметі әкімшілік жауапқа тартуды болдырмау үшін шетелдіктер мен оларды шақыратын адамдарды (2021 жылғы 5 маусымнан кейін күшіне енеді) Қазақстан Республикасының аумағында одан әрі болуды заңдастыру қажеттігін хабардар етеді.



Соңғы жаңалықтар