5 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 маусым күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі онлайн-көрсетілім форматында «Қазақстанда цифрлық криминалистиканы дамыту» атты брифинг өткізеді. Спикерлер: Стамбеков Өмірсерік Есенғалиұлы – ҚР ІІМ Жедел криминалистикалық департаментінің аға криминалисі. Құдайбергенов Еламан Бүркітұлы – ҚР ІІМ Жедел криминалистикалық департаментінің бас криминалисі.

14.30-да «AMANAT» партиясының баспасөз орталығында баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Астана Халықаралық университетінің Педагогикалық колледжінде жастар мен балаларға қолайлы эко-жағдайлар жасау жөнінде баспасөз конференциясы өтеді.

17.00-де Maqsut Narikbayev University-де «Қазақстан Республикасының еңбек құқығы. 1-том. Жалпы бөлім» кітабының тұсаукесері өтеді.

Соңғы жаңалықтар