+7 (701) 759 90 19
USD 427.22 EUR 519.71
RUB 5.78 CNY 66.52
Jańalyqtar

5 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

2021 жылғы 4 мамыр 20:32
Бөлісіңіз:
5 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 мамырда елімізде өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
12 мамыр күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы Бейжіңде қазақ жазушысының шығармашылығына арналған конференция  өтті - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу 8 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде «Қазіргі заманда адам мен қоғамның өзара үйлесімді ықпалдастығы үшін далалық атқа міну өркениетінің тарихи маңызы» тақырыбында онлайн сұхбат алаңы құрылады.

11.00-де онлайн режимде ЕО-БҰҰ Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған «Жарық сәулесі» (Spotlight Initiative) Өңірлік бастамасы бағдарламасының VI компоненті аясында Орталық Азиядағы азаматтық қоғам ұйымдарына арналған шағын гранттар конкурсының қорытындылары таныстырылады.

12.00-де «Experts Hub Kazakhstan» жобасының сарапшыларымен «Дәрігерлер айтады: COVID-19 індетіне қарсы вакциналау жөніндегі ең маңызды сұрақтарға жауап» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Еліміздегі өрт қаупі кезеңнің өтуі туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев. Көрсетілім сілтемелері: youtube , facebook .

16.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы» өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. Көрсетілім сілтемелері: youtube.com , facebook.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT