+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

5 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 5 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
5 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 5 мамырға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
10 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі 9 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі 8 мамыр. Туған күн иелері

АТАУЛЫ КҮНДЕР


Халықаралық мүгедектер құқын қорғау күні

1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Халықаралық мүгедектер күнін жариялады. Халықаралық мүгедектер күнін атап өту – олардың мәселелеріне көңіл бөлуге, құқығы мен аман-саулығын қорғауға назар аударуға бағытталған.

Халықаралық акушерлер күні

Осы күнді атап өту идеясы 1987 жылы Нидерландыда Халықаралық акушерлер конфедерациясының конференциясында ұсынылды. Бұл мереке 1992 жылдан бастап тұрақты түрде атап өтілуде.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1918 жылы Бүкілқазақ жастарының съезінде «Жас азамат» жастар ұйымы құрылды. «Жас азамат» ұйымының мақсаты – қазақ жастарын біріктіру, ұлттық мүддені қорғау. Съезде ұйымның басшылығы – төрағасы –М.Мырзаұлы, мүшелері – С.Сәдуақасов, М.Сейітов, Г.Досымбекова, А.Байділдин сайланды. «Жас азамат» Алаш автономиясын қолдап, Кеңес үкіметін орнатуға қарсы күресуге үгіттеді.

1925 жылы «Теңдік» газетінің алғашқы саны шықты. Газетке Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Назипа Құлжанова, Шолпан Иманбаева және т.б. көмектесіп тұрған. 1955 жылдан бастап «Қазақстан әйелдері» деген атпен журнал болып шыға бастады.

1986 жылы Ақтөбе қаласында Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың музейі ашылды. Музей жыл сайын 30 мыңға жуық адамды қабылдайды. Мұрағаттар саны 7 мыңнан асады. Олардың қатарында КСРО Төралқасының төрағасы М. Шверниктің Әлияның әкесі Сарқұл Нұрмағамбетовке жолдаған жауап хаты, Әлия оқыған Псков облысындағы Вятск орта мектебіндегі 7-сыныбының сабақ үлгерімі журналының түпнұсқалары, Кеңес Одағы Батырының Грамотасы, Әлия ерлікпен қаза тапқан ұрыс даласының ақтөбелік суретші В.В.Шукин жасаған көрінісі (диорама), «Әлия» кемесінің макеті, майданнан әкелінген қару-жарақтар, Әлия ерлігі арқау болған оннан астам кітаптар, елге жазған хаттарының көшірмесі, т.б. ерекше көз тартады. Батырдың туған жері Қобда ауданындағы Әліпбайсай ауылында мұражай филиалы жұмыс істейді.

1991 жылы «Табиғат» экология одағы құрылды. Төрағасы – Мэлс Елеусізов. Осы экологиялық одақ 2002 жылы Global-500 сыйлығына ие болған.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Италия Республикасына сіңірген еңбегі үшін» орденінің үлкен лентасымен безендірілген Үлкен Крест орденімен марапатталды. Орденді Италия президенті Оскар Луиджи Скальфаро табыс етті.

2011 жылы Ақтөбедегі Батырлар аллеясында Ржев қаласынан әкелінген капсула салу салтанатты рәсімі өтті, онда Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында соғыста 100-ші және 101-ші қазақ жеке атқыштар бригадаларының 10 000 жауынгері қаза тапты. Бұл бригадалар 1941 жылы Ақтөбе мен Алматыда жас еріктілер қатарынан құрылған болатын. Алғашқы аптада екі бригада да сарбаздардың 80%-ын жоғалтты.

2012 жылы Қазақстан, Ресей, Украина, Грузия, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан «Климаттық салдар күні» дүниежүзілік науқанына қосылды.

2014 жылы ұлы түркі қолбасшысы Күлтегіннің суреті бейнеленген номиналы 1000 теңгелік банкнота «IBNS 2013 жылдың үздік банкнотасы» номинациясын жеңіп алып, халықаралық банкнот конкурсының қатысушы-елдері арасында әлемдік рекорд орнатты.

2014 жылы Колумбия университетінің тарихшысы Рафис Абазов «Рим және Алаш: мәдени мұра» ғылыми жобасы аясында мұрағаттарды зерттеуге Римге шақыру алды. Ол Ватикан мен Иезуиттердің құпия мұрағаттарынан Қазақстанның осыған дейін белгісіз карталарын тапты. Ғалымдар Рим империясы мен Еуразияның көшпенді тайпалары, соның ішінде қазақтардың ата-бабалары арасындағы өзара байланыс болғанын дәлелдеуге үміттенеді. Құпия мұрағаттарды зерттеу барысында шамамен XVI-XVII ғасырлардағы Қазақстан аумағының карталары табылды.

2014 жылы Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) дипломатиялық өкілдіктері Астанада өз комитетін құрды. Жаңа құрылым Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы өзара іс-қимылдың өсуіне ықпал етеді.

2017 жылы Алматы облысы Алакөл ауданы Еңбекші ауылының маңында, таудан жеті көне кітап табылды. Бұл құнды басылымдар 100-120 жыл бұрын баспадан шыққан. Табылған кітаптар мешітке берілді.

2017 жылы VATAN күнделікті газеті Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түрік тіліне аударып, жариялады. VATAN – Bağımsız Gazeteciler Yayıncılık A.Ş қамқорлығымен күнделікті шығатын түрік газеті. 2002 жылы 2 қыркүйекте негізі қаланған. Оның таралымы – 100 мың дана.

2018 жылы Түрік Респуликасында «Ясауи мұрасы және Түркістан» тарихи көрмесі өтті. Онда шамамен 1845 жылы жазылған Қожа Ахмет Ясауи мен Құл Әзім (Кул Азим) хикметтері, «Диуани хикмет» даналық кітабының түпнұсқасы, С.Бақырғанидің 326 беттік «Диуан» еңбегі, Қожа Ахмет Ясауиге арналған «Бустан уль-Мухиббин» түркі тілінде жазылған жазбалары, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи және киелі жерлерін бейнелейтін 100-ден астам картина таныстырылды.

2019 жылы «I-qazaq» тарих және мәдени мұра орталығының және «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесінің қолдауымен «Ұмытылған дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың өзектілігі мен қайта құрылуы» көрмесі өтті, онда көрме қонақтарына Үкіжан Ементаева өзінің бірегей туындыларын көрсетті . Ол Қазақстан мен түркілердің тарихын бейнелейді. Оның жұмыстарының ішінде Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалаларының карталары, руналар, сәукеле бейнесі және т.б. болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT