5 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 

nullЕСІМДЕР


null 146 жыл бұрын ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялыларымыздың бірі Ахмет БАЙТҰРСЫНОВ дүниеге келген.

Ахмет  1872 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында туған. Ахмет қазақ халқының 20- ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі.

94 жыл бұрын (1924-1991) композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МҰХАМЕДЖАНОВ Сыдық дүниеге келді.

Мұхамеджановтың қазақ ән өнерінде Абай өлеңдеріне жазылған «Жарқ етпес қара көңілім не қылса да», «Өзгеге көңілім тоярсың», «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы», «Ғашықтың тілі - тілсіз тіл» атты әндері ерекше дараланды. Шуақты лиризмге тұнған «Көктем вальсі», «Сырлы қайың», «Шолпаным», «Тербеледі тың дала», «Жарқырайды Теміртаудың оттары», «Еңбек әні», «Жастар маршы», тағы басқа балалық шақ, жастық шақ, бейбітшілік, еңбекті жыр еткен көптеген әндері мен романстары ел арасында кеңінен танымал.

64 жыл бұрын (1954) ҚР Орталық мемлекеттік музейінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ӘЛІМБАЙ Нұрсән дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақстан Ғылым академиясының тарих және этнология институтының аспирантурасын бітірген. 150-ден астам ғылыми және ғылыми-көпшілік жұмыстардың авторы.

59 жыл бұрын  (1959) Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімі - БАЙТӨЛЕ Болатбек Байқонысұлы дүниеге келді.

1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын «бухгалтерлік есеп», 2001 жылы Қырғыз-Ресей білім беру академиясын «заңгер» мамандықтары бойынша бітірген. 2017 жылғы наурыздан бері қазіргі қызметінде.

55 жыл бұрын (1963) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ЕРМАН Мұхтар Тілдәбекұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданы «Темір» совхозында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1986) бітірген. Тарихшы, шетел тілінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1998), заңгер.

Мәжілістегі «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі.

35 жыл бұрын (1983)  «Хабар» телеарнасының директоры РАХЫМЖАНОВА Сандуғаш Нұрабайқызы дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журнлаистика мамандығы бойынша тәмамдады (2004);  М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі (2006).

Еңбек жолы: «Хабар» агенттігінің маркетолог-сарапшысы (2012-2013); «Хабар» арнасында бағдарламалар дирекциясының басшысы (2013-2016); «Хабар» агенттігі директорының орынбасары (07.2016-09.2016).

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

 

Соңғы жаңалықтар