5 қазан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

10.00-де Назарбаев Университетінде ТМД қатысушы мемлекеттердің мұғалімдері мен білім беру қызметкерлерінің VII Съезі өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «UMAI Ұлттық сыйлығы және мәдениет саласындағы басқа да жобалар туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары Төлеубек Әлпиев; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, зергер, реставратор Берік Әлібай; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының солисті Ардақ Балажанова;

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымы бойынша философия докторы (PhD) Асхат Маемиров.Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.00-де Қазақстан Ұлттық банкінің ғимаратында Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) баспасөз конференциясы өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Junior Eurovision 2022» байқауына дайындық туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы Берік Уәли; «Junior Eurovision 2022» байқауына Қазақстан атынан қатысушы Давид Чарлин; продюсер Жан Мұқанов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

16.00-де қала әкімшілігінде Астана қаласының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтеді.

18.30-да The Ritz-Carlton қонақүйінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 30 жылдық мерейтойына арналған шара өтеді.


Соңғы жаңалықтар