5 қарашада Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 5 қараша күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады. Палата отырысы https://senate.parlam.kz сайтында онлайн режимде көрсетіледі.

10.30-да Zoom платформасында Халықаралық адвокаттар қауымдастығы, Құқық қорғаушылар қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау коалициясы, сондай-ақ бірқатар қазақстандық заңгерлердің қатысуымен адвокаттар мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында диалог өтеді.

11.00 -де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында: «Оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындылары» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Тікелей эфир әкімдіктің Facеbook-парақшасында болады.

11.00-де Қой саууға арналған жылжымалы кешен жүйесін (TIKA) Түркияның Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті базасына ғылыми негізде ұсынады. Мұндай кешен Орталық Азия, оның ішінде Қазақстанға алғаш рет жеткізіліп отыр.

12.00-де Елорда әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша есеп және карантин режимінің сақталуын бақылайтын мониторинг тобының жұмысы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Тікелей эфир әкімдіктің Facеbook-парақшасында болады.

12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Жаңа жағдайдағы жастар: іс-әрекет кезеңі» жобасының басталуы туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер: ҚР АҚДМ жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов, «Қазақстан жастарының Конгресі» ЗТБ атқарушы директоры« Тохтар Болысов.

15.00-де «Рухани жаңғыру« қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ ғимаратында «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігінің «Жылы жүрек» белгісімен марапаттау рәсімі өтеді.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының мәжіліс залында елорда мәслихатының құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

16.00-де «Астана Балет» театрында Анвара Садықова қойған «Желтораңғы туралы аңыз» балетінің премьерасына орай баспасөз жиыны өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де «Kazzhol Park Almaty» қонақ үйіндегі «Эмба» залында діннің өзекті мәселелері бойынша үздік материал жазған журналистер арасындағы байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.

15.00-де Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтің қатысуымен Алматы бокс федерациясының кезектен тыс конференциясы өтеді. Журналистерге бокстан алдағы ұлттық чемпионаттан не күтуге болатыны туралы айтылады (ерлер мен әйелдер арасындағы алғашқы құрама чемпионат Шымкентте 23-29 қараша аралығында өтеді).


Соңғы жаңалықтар