5 қараша. Туған күн иелері
2019 жылғы 5 қараша 08:08

5 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 5 қарашаға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

55 жыл бұрын (1964) Қазақстан кинематографшылар одағының мүшесі Гүлнар Абдуллақызы ДОСМАТОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1985 жылдан «Қазақфильм» киностудиясының актрисасы. Кинодағы алғашқы елеулі ролі - «Даладағы қуғын» фильміндегі Әйгерім. 20-дан астам фильмге түскен. Олардың ішінде «Жеңімпаз», «Мерекенің үш күні», «Кардиограмма», «Адам тағдыры», отандық телесериал «Тоғысқан тағдырлар», және т.б.

«Адамдық тағдыр» фильміндегі ролі үшін 1985 жылы Минскіде (Беларусь) өткен Бүкілодақтық кинофестивальда «Ең үздік әйел бейнесі» жүлдесін иеленген. 2000 жылы «Жыл таңдауы» байқауында «Жылдың үздік актрисасы» атанды.

47 жыл бұрын (1972) Петропавл қаласының әкімі Болат Серікұлы ЖҰМАБЕКОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған. Ақмола ауыл шаруашылығы институтын, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын СҚО Тимирязев ауданында шаруа қожалығының агрономы болып бастады. 1999-2007 жылдары - аудандық жер ресурстарын басқару аудандық комитетінің төрағасы, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы. 2007-2009 жылдары - СҚО Тимирязев ауданының әкімі. 2009-2011 жылдары - СҚО әкімі аппаратының жетекшісі. 2011-2012 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2012-2013 жылдары - Петропавл қаласының әкімі. 2014 жылғы ақпан-тамыз айларында - «JELS-ASTANA» ЖШС коммерциялық директоры. 2014-2018 жылдары СҚО Қызылжар ауданының әкімі; Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданының әкімі (2018-2019).

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.

32 жыл бұрын (1987) Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы Рахымжан Ержанұлы ИСАҚҰЛОВ дүниеге келді.

«Болашақ» бағдарламасымен Роял Холловей Лондон университетін «экономика және менеджмент бакалавры» мамандығы бойынша тәмамдаған. Жас көшбасшылар бағдарламасы аясында Жапония үкіметінің гранты негізінде Саяси зерттеулер ұлттық институтының «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығында оқыды. ҚР Президенті Әкімшілігінде әртүрлі лауазымдарда болды. ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2018 жылдың қыркүйегінен.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT