5 қараша күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 5 қарашада Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.00-де «Park Inn by Radisson» қонақ үйінде Қазақстандағы пластик қалдықтарын жинау және өңдеу тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 09.30-да «Rixos President Astana» қонақ үйінде III Халықаралық «KazOil 2019» конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының, Білім басқармасы мен Халықаралық суретші-педагогтардың Қазақстандағы Өкілеттігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан әлем балаларының көзімен» атты халықаралық сурет байқауының қорытындысын жарияланады.

Сағат 11.00-де Тұран университеті «Turan Lingua» медиа-лингвистика проблемалар зертханасымен бірге тілдік қауіпсіздік мәселелерін шешудің жаңа кезеңі саналатын turanlingua.com ресурсын ұсынады.

Сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында (Абай даңғылы, 33а) Қазақстан халқы Ассамблеясы Азиядағы өзара сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) ұлттық-мәдени орталықтарының «АӨСШК кеңістігіндегі азаматтық қоғам: жай-күйі және дамуы» азаматтық форумын өткізеді.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаевтың ерлік жолына арналған «Батырдың баянды ғұмыры» атты дөңгелек үстел өтеді.

Сағат 16.00-де елордалық Достық үйінде (Б. Момышұлы даңғылы, 24/9) Жастар жылы және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Тіл - достықтың алтын көпірі» атты байқау өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де тұрғын үйдің қасбетін жылыту үшін жөндеу кезінде зардап шеккен әйгілі «Әлемдерді байланыстыру» монументіне баспасөз туры өтеді. Баспасөз туры аясында қаланың ең жарқын көріністерін қосатын бағдар бойымен саяхаттау жоспарланып отыр.

Сағат 11.00-де «Қазжол» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы Су жөніндегі мемлекетаралық үйлестіру комиссиясының 77-отырысы өтеді. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі С. Громов басқарады.

Сағат 14.30-да «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің баспасөз орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған баспасөз конференциясы өтеді. Баспасөз конференциясына Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин, ЮНЭЙДС Қазақстан Республикасындағы кеңсесінің директоры Александр Голисов және басқалар қатысады.

Сағат 16.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, жазушы, психолог және сценарист Карина Сарсенованың 3 кітабының тұсаукесері өтеді.

Сағат 18.00-де Қазақстанда 2019 Еуропалық кинофестивалінің ашылуы болады. Биыл кино саласындағы беделді халықаралық сыйлықтарды жеңіп алған Еуропалық Одақ елдерінің 16 фильмі ұсынылады. Ашылу салтанатына 5 қарашада Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі Свен-Олов Карлссон, режиссер Ренарс Вимба (Латвия), режиссер Каролин Тирион (Бельгия), Анна Лодисуа («Мбудха» фильмінің басты кейіпкері) қатысады. Өтетін орны: Chaplin кинотеатры, Mega Park сауда орталығы.

Соңғы жаңалықтар