НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 17 қазан күні еліміз қалаларында күтілетін ауа сапасы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (дәрежесіз) Нұр-Cұлтан қалаласында болжанады.
1-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (бір немесе бірнеше ластаушы зат концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан асып кетуі) Павлодар қаласында күтіледі.
Ал Риддер, Семей және Өскемен қалаларында 2-дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай (бір немесе бірнеше ластаушы зат концентрациясының рұқсат етілген шекті нормадан 3-тен жоғары асуы) қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.