5 елдің президенттері бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бекіре тұқымдас балықтарды табиғи ортаға жіберу шарасына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен, Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен бірге Ақтау қаласының теңіз жағалауы арқылы өтетін жаңа нысанды - «Жартас жолын» аралап көрді.

Бұл көрікті жерде петроглифтер бейнелеген, сондай-ақ мұнда жаяу жүргіншілерге арналған орындар, теңіз көрінісін тамашалауға арналған алаңдар мен табиғи үңгір орналасқан.

Сонымен қатар, мемлекеттер басшылары бірлесіп, қолдан өсірілген 500 ақсерке балығын теңізге жіберді.

Сондай-ақ, елдер көшбасшылары шығыс ертегілерінің желісіндегі театрландырылған би қойылымын тамашалады.

Соңғы жаңалықтар