5 айда елімізде өзен көлігімен 153 мың тонна жүк тасымалданды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың 5 айында елімізде өзен көлігімен 153 мың тонна жүк тасымалданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанда кеме қатынасы Ертіс, Орал-Каспий және Іле-Балқаш бассейндерінде жалпы ұзындығы шамамен 3 262 шақырымдық кеме қатынасы учаскелері бойынша жүзеге асырылады. Шлюздердің апатсыз жұмысын қамтамасыз ету үшін 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында оларға күрделі жөндеу жүргізу көзделген. Биыл осы мақсатқа бөлінген 1,9 млрд теңгенің 52 пайызы игерілді», - делінген министрліктің Telegram парақшасында жарияланған ақпаратта .

Ведомство мәліметінше, осы жылдың 1 маусымына дейін өзен көлігімен жүк тасымалдау көлемі шамамен 153 мың тоннаны құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 7,8 пайызға көп.


Соңғы жаңалықтар