5 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғалар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 5 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

10.00-да Rixos President қонақ үйінде қазақстандық-грекиялық бизнес-форум басталады.

11.15-те Парламент Сенатының конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің «Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы ұстап беру туралы Шартты ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша кеңейтілген отырысы басталады.

12.00-де UMC корпоративтік қорының Ұлттық балаларды оңалту орталығына «ҚР елшілері әйелдерінің клубы» құны 1,5 млн теңге тұратын медициналық жабдықты тарту етеді.

15.00-де Мәжілісте «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» үкіметтік заң жобасы ілеспе түзетулерімен таныстырылады.

16.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде «Астана» қаласы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды өткізу жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

15:00-де Алматы қаласының Әділет департаменті 29 қаңтар-23 ақпан аралығында өтетін «Контрафакт» республикалық науқанының басталғанын хабарлайды.

Науқанды ҚР Әділет министрлігі ұйымдастырады.

Соңғы жаңалықтар