+7 (701) 759 90 19
USD 426.32 EUR 496.24
RUB 6.04 CNY 66.74
Jańalyqtar

5-11 жасар балаларға арналған BioNTech-Pfizer вакцинасы жақында қолданысқа беріледі

2021 жылғы 10 қыркүйек 16:00
Бөлісіңіз:
5-11 жасар балаларға арналған BioNTech-Pfizer вакцинасы жақында қолданысқа беріледі

БЕРЛИН. ТАСС-ҚазАқпарат – Германиялық BioNTech компаниясы мен оның америкалық әріптесі Pfizer өндірген 5-11 жас аралығындағы балаларға арналған коронавирусқа қарсы вакцина бірнеше аптаның ішінде пайдалануға берілуі мүмкін. Бұл туралы Der Spiegel басылымына жұма күні BioNTech медициналық зерттеулер жөніндегі директоры Өзлем Тюречи мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан ғалымдары мысықты коронавирустан қорғайтын вакцина әзірледі Жаңа қаулы: Pfizer вакцинасы кімге, қалай, қашан салынады ЖОО оқытушыларының 92 пайызы, студенттердің 70 пайызы вакцина алды – БҒМ

«Жақын апталарда біз 5-11 жас аралығындағы балаларға жүргізілген зерттеу нәтижесін әлем билігіне ұсынамыз, сонымен қатар осы жас санаты үшін вакцинаны мақұлдауға өтініш береміз. Атап айтқанда, Еуропада, - деді Тюречи. - Біз қазірдің өзінде өндіріске дайындалып жатырмыз».

Оған қоса, Тюречи препараттың ересектерге арналған түрінен еш айырмасы жоқ екенін, тек балаларға арналған вакцина дозасының кішкентай болатынын атап өтті.

Өз кезегінде BioNTech-тің ортақ құрылтайшысы, бас директоры Угур Шахин қазіргі кезде зерттеу нәтижесінің дайын екенін және биліктің бекітуі үшін қадам жасау керек екенін мәлімдеді.

«Бәрі жоспарлағанымыздай келе жатыр», - деді Шахин.

Сонымен қатар ол жылдың соңында алты айдан асқан балалар арасындағы зерттеулер нәтижесі дайын болатыны айтылды.

Мамырдың соңында Еуропа дәрі-дәрмек агенттігі Pfizer мен BioNTech бірігіп өндірген коронавирусқа қарсы Comirnaty вакцинасын 12-15 жасар жасөспірімдер арасында пайдалануға рұқсат берді.

Осылайша, бұл препарат - осы жас санатындағы адамдар арасында қолдануға рұқсат етілген коронавирусқа қарсы бірінші вакцина болып отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT