45 жастан асқандар фейк жаңалықтарды жиі бөліседі - зерттеу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар жүргізген соңғы зерттеу нәтижесінде фейк жаңалықтармен бөлісуге құмар адамдардың жасы 45-65 жас аралығында екені белгілі болды. Осы аптада Science Advances журналында жарияланған мақалада Нью-Йорк университетінің зерттеушілері Facebook әлеуметтік желісіндегі фейк жаңалықтардың таралымын зерттегені жазылған. Ғалымдар 45-65 жастағы адамдардың фейк жаңалықтарды жастарға қарағанда жеті есе жиі бөлісетінін анықтапты.

«Зерттеу барысында мамандар осы жастағылардың не себепті жалған ақпаратқа сенгіш келетінін айтпады. Ғалымдар бұған медиялық сауаттылық әсер етуі мүмкін екені, бірақ ол тағы да зерттеу жүргізуді қажет ететінін айтып отыр. Сонымен қатар, 45-65 жас аралығындағы адамдарда цифрлық медиа саласындағы білім аз болатындықтан, олар контенттің жалған немесе рас екенін ажырата алмауы мүмкін деген болжам жасалды», деп жазады басылым.

Сондай-ақ, зерттеу жасы ұлғайған адамдардың интернетке қызығушылығы артқан сайын фейк жаңалықтардың таралу проблемасы арта түсетінін алға тартады.

Соңғы жаңалықтар