45 жастағы әйелдің өліміне күдіктілердің арасында оның баласы бар - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Полиция Өскемен қаласының 45 жастағы тұрғынының өліміне қатысты қылмысты ашты, күдікті 4 азамат ұсталды, - деп хабарлады ШҚО ІІД-нен.

Өлтірілген әйелдің мүрдесін 10 мамыр күні оның құрбысы тапқан. Әйел маркұм досының бірнеше пәтері болғанын және оларды тәуліктік жалға беріп келгенін айтқан. Кешке оның телефонына бірнеше рет хабарласып, құрбысынан жауап ала алмаған. Уайымға салынған ол оны барлық пәтерлерінен іздеп, ақыры солардың бірінен жансыз денесін тапқан.

Жедел қызметкерлер өлтірілген азаматшаның 7 пәтері бар болғанын анықтады. Олар қылмысты пәтер жалдаушылар жасады деген нұсқасны қарастырған. Пәтерлерде тұрған азаматтарды анықтау және тексеру бойынша қыруар жұмыс атқарылды. Үшінші тәулікте қылмысқа қатысы бар төрт азамат анықталды, төртінші күні төртеуінің барлығы ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Олардың арасында Глубоков ауданының екі тұрғыны бар, тағы екеуі - Өскемен тұрғындары. Солардың ішінде әйелдің 25 жастағы баласы бар.

Жедел қызметкерлер қылмысты әйелдің баласы тапсырып, ұйымдастырғанын анықтады. Екі құрдасының делдалдығымен әйелді бұған дейін сотталған 42 жастағы ер адам өлтірген. Үй жалдағысы келетінін айтқан ол әйелмен пәтерлердің бірінде кездесіп, бірнеше рет пышақ салған.

Қылмысқа баласының анасын жек көрушілігі себеп болған.

Соңғы жаңалықтар