«45 млн теңгеге 3 пәтер алып беремін»: Алматы тұрғынын алдаған атыраулық әйел ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау тұрғыны алматылықты 45 млн теңгеге 3 пәтер алып беремін деп алдаған. Қазір алаяқ қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 18 наурызда Алматы қаласының 40 жастағы тұрғынынан шағым түскен.

«Полицияға шағымданған алматылық өзінің алданғаны туралы айтқан. Жәбірленушінің айтуынша, оны 44 жастағы әйел Атырау қаласындағы элиталық үйлерден 3 пәтер алып беремін деп сендірген. Сөйтіп, жәбірленушінің 45 млн теңгесін иемденіп алған. Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, алаяқтықпен айналысқан 44 жастағы атыраулық әйелді анықтады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір ұсталған алаяққа қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауд күйеубала атасының атына 4 млн теңегеден аса несие рәсімдегенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар