44 мың алматылық «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін салдырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 6623 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 сәуір күні 6623 алматылық вакцина салдырды, оның ішінде 198 адам «QazVac» вакцинасын алды», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 30 сәуірі аралығында барлығы 209 197 адамға екпе салынды. «Спутник-V» вакцинасының 2 компонентін 44705 адам алды.

Бүгінгі күні қалада 211 пункт жұмыс істеп тұр. 1 809 адамнан тұратын 402 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар