436 млн теңге ұрлаған кәсіпорын басшыларына қатысты тергеу аяқталды

None
Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті 436 млн теңге қаражатты ұрлау фактісі бойынша «AlanParking» ЖШС директоры М.О.Базарбаевқа және «Алматы спецтехпаркинг сервис» ЖШС директоры М.У. Принбековке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Қылмыстың негізгі сотталушысы және ұйымдастырушысы Мұрат Боранбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратурамен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС 70% үлесін және «AlanParking» ЖШС 100% үлесін қайтару бойынша шараларын қабылдады.


Соңғы жаңалықтар