+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

43 градус аптап: Ертең еліміздің 11 аймағында күн ысиды

2020 жылғы 16 шілде 20:41
Бөлісіңіз:
43 градус аптап: Ертең еліміздің 11 аймағында күн ысиды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 шілдеде еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық болады. Осыған байланысты аймақтарда ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жария етті Шаңды дауыл, найзағай, аптап: 3 тамызға арналған ауа райы болжамы Жексенбі күні ауа райы қандай болады

17 шілде түнде Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Солтүстіктен жел соғады, күші - 15-20 м/с. Облыста және Атырау қаласында күндіз 34-39 градус ыстық, оңтүстікте 42 градус және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

17 шілде күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде күн күркірейді, желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде жел екпіні - 18 м/с.

17 шілде Маңғыстау облысында кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Күндіз облыс бойынша 38-41 градус аптап ыстық сақталады.

17-18 шілде күндіз Түркістан облысының басым бөлігінде 40-43 градус қатты ыстық болады.

Шымкент қаласында да күндіз - 40 градус қатты ыстық.

17-19 шілде Қостанай облысында 35-39 градус қатты ыстық күтіледі.

Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан және шығыстан күшті жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-20 м/с .

17 шілдеде Қызылорда облысында солтүстіктен және солтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз 40-41 градус аптап ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде жел екпіні 23 м/с дейін күшейеді және жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазғанда күндіз 36-38 градус ыстық болады.

17-20 шілде күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде 40°С-қа дейін аптап күтіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT