43 градус аптап: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл сақталады. Облыста және Қызылорда қаласында солтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с жетеді. Күндіз 43 градус аптап ыстық болады.

Осы күні Қызылорда қаласында шаңды дауыл соғып, 41 градус ыстық сақталады.

14 шілде күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, солтүстіктен және солтүстік-шығыстан соққан желдін екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 14-16 шілдеде облыстың кей жерлерінде 35 градус ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

14 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғып, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Жел жылдамдығы - 15-20 м/с.

Күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, 38-41 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз 14-16 шілдеде Қостанай облысында және облыс орталығында 35-39 градус ыстық болады.

14 шілдеде Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Жезқазған қаласында солтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 18 м/с дейін күшейеді.


Соңғы жаңалықтар