42500 теңге ертеңгі күнге деген сенімді нығайтты - Қадыр Қасымжанов

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының тұрғыны 61 жастағы Қадыр Қасымжанов 42500 теңге жәрдемақыға қол жеткізді. Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған ол құжаттар қалай рәсімдегенін және алған ақшасын қайда жұмсағаны туралы ҚазАқпарат тілшісіне айтып берді.

Төтенше жағдай кезінде көптеген шағын және орта бизнес нысандары уақытша жабылды. Солардың арасында Қадыр Қасымжанов жұмыс істейтін жеке кәсіпкерліктің де жұмысы тоқтап, жұмысшылары табыссыз қалды. Ол да өзгелер сияқты төтенше жағдай режимінің қиындығын сезіне бастады.

«Мамандығым құрылысшы. Құрылыс саласында біраз жыл еңбек өтілім бар. Зейнетке шығуға екі жыл қалды. Жасым келгендіктен жұмыс табу қиын. Ақшасыз отыру тіпті қиын. Карантин кезінде, әрине ешкімге оңай емес. Әсіресе, несие, ипотекасы бар адамдарға қиын. Бізде осыдан бес ай бұрын қалаға көшіп келдік. Бала – шаға, отбасың бар дегендей табысың болмаса қалада күн көру қиын. Төтенше жағдай кезінде уақытша жұмыссыз қалған азаматтарға 42500 теңге жәрдемақы берілетінін ести салысымен банкке барып есепшот ашып, кейін жәрдемақы рәсімдедім. Көп кешіктірмей бірер күнде 1414 нөміріне өтінішімнің мақұлданғандығы жөнінде смс хабарлама келді. Банк карточкасы дайын болған соң ақшамды шешім алдым», - дейді Қадыр Қасымжанов.

Қадыр Нұғыманұлы атап өткендей, ол 42500 теңге ақшаны коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге және азық-түлік сатып алуға жұмсаған.

«Бұл көп ақша болмаса да, қиын кезде халыққа демеу болып, ертеңгі күнге деген сенімін нығайтып отыр. Мемлекеттің халыққа жасап отырған қамқорлығы қуантады, алдағы уақытта да осындай қолдау көмек жиі болып тұрса деген тілегіміз бар», - деп толықтырды Қадыр Қасымжанов.


Соңғы жаңалықтар