+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

42500 теңге әлеуметтік төлем қанша адамға тағайындалды

2020 жылғы 8 сәуір 17:10
Бөлісіңіз:
42500 теңге әлеуметтік төлем қанша адамға тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты бүгінге дейін 216 мыңнан астам адамға 42500 теңгеден төлем тағайындалды. Төлемдер Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) іске асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«216 922 адамға ТЖ кезеңінде табысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлем тағайындалды», - деді Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан.

Мәлім етілгендей, 8 сәуір сағат 14.00-дегі жағдай бойынша, 42500 теңгеден әлеуметтік төлем алу үшін 1 млн 688 мың 131 азаматтан барлығы 2 млн 755 мың 866 өтініш түскен. Яғни 1 млн 67 мың 735 өтініш қайталанып жіберілген.

«Өтініштерді қарау мерзімінің ұлғаюына жол бермеу мақсатында азаматтардан өтінішті бір рет қана жіберуді сұраймыз», - деді қордан.

Азаматтардың жеке мәліметтерін тексеру және өтінішті қарау мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды. МӘСҚ-та төлем жасау туралы шешім қабылданғаннан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама келеді. Кейіннен өтініш берушінің деректері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ға жіберіледі. Ол оны екінші деңгейдегі банктерге төлем жүргізу үшін жібереді.

Әлеуметтік төлем алуға өтінімді eGov порталы, 42500.enbek.kz вебсайты және Telegram-бот арқылы беруге болады.

Еске салайық, елде төтенше жағдайдың жариялануына байланысты табысынан айырылған келесі санаттағы азаматтар айына 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем ала алады:

–шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, коммерциялық емес заңды тұлғалардың жалақысы сақталмайтын демалыстағы қызметкерлеріне;

– жеке кәсіпкерлерге;

– жеке практикамен айналысатын адамдарға (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

– бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғаларға;

– нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы (бұдан әрі – АҚС) шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдарға жүзеге асырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT