+7 (701) 759 90 19
USD 425.05 EUR 509.29
RUB 5.58 CNY 64.66
Jańalyqtar

42500.enbek.kz порталы осы жұмадан бастап қайта іске қосылады

2020 жылғы 14 шілде 16:14
Бөлісіңіз:
42500.enbek.kz порталы осы жұмадан бастап қайта іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 42500.enbek.kz порталы қайта жұмысын бастайды. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында министр шілде айына берілетін 42 500 теңге әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қандай порталдар жұмыс істейтіндігін айтып берді.

«Өткендегідей 42500.enbek.kz порталы, электронды үкімет порталы жұмыс істейді. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған жеке тұлғаларға телеграм-боттар да қызмет көрсетеді. Бұлардың барлығы жұма күннен бастап іске қосылады. Оған қосымша Каспи банк пен Халық банк те біздің портал секілді интернет-ресурсты іске қосып, халықтан өтініш қабылдауға ниет білдірді. Оны да іске асырсақ, сіздерге ол туралы бейсенбі күні жария етеміз», - деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT