42 градусқа дейінгі ыстық, күшті жел: Үш өңірде ескерту жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, 26 маусым күні Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік, солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр айналасында болады. Болжамның ықтималдылығы - 90-95%.

Ал Атырау облысында ауа температурасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. 26-27 маусым күндері кей жерлерде күн 40-42 градусқа дейін ысиды. Ескерту ықтималдылығы 85-90%.

Соңғы жаңалықтар