+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

42 градусқа дейін ыстық, өрт қаупі: 12 өңірде ескерту жарияланды

2021 жылғы 2 тамыз 19:34
Бөлісіңіз:
42 градусқа дейін ыстық, өрт қаупі: 12 өңірде ескерту жарияланды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
5 қалада ауа сапасы нашарлайды 17 қазан күнгі ауа райы болжамы Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Атап айтқанда, 3 тамызда күндіз Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан, солтүстікке ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Сондай-ақ шаңды дауыл мен 43 градусқа дейінгі қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз 40-42 градус қатты ыстық болады.

Күндіз 3 тамызда Алматы облысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Өңірдің кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қаласында күндіз 36 градус ыстық болады.

Күндіз 3 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болжанады.

Күндіз 3 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Жекелеген аумақтарда өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады.

Күндіз 3 тамызда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-шығыстан жел соғады. Күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градусқа дейін қатты ыстық болады. Үржар ауданында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Күндіз 3 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде 38 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 3 тамызда Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік-батыстан жел соғады. Найзағай кезінде желдің екпіні – 18 м/с.

3 тамызда Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жел соғады. Жылдамдығы - 15-20 м/с. Күндіз 40 градус қатты ыстық болжанады. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

3 тамызда Шымкент қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз 3 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 3-4 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Күндіз облыстың басым бөлігінде 40 градусқа дейін қатты ыстық, төтенше өрт қаупі күтіледі. Тараз қаласында күндіз 38 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Күндіз 3-5 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде 40-41 градус өте қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT