42 градус аяз: Шығыс Қазақстан мен Қостанайда жол жабылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» кәсіпорнының ақпаратына сенсек, Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -32 -35 градусқа жеткен.

Осыған байланысты 2 қаңтар сағат 17:00 бастап дизельмен жүретін автомобильдер және қоғамдық көліктің қозғалысына шектеу қойылады. Олар барлық бағыттағы жолдарда жүре алмайды.

Сонымен қатар Өскемен қаласынан Рахманов бұлағына дейінгі 60 шақырым жолда да тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысы шектелген.

Одан бөлек, Қостанай облысында да аяз күшейіп тұр, синоптиктердің болжамынша ауа температурасы -42 градусқа жетеді.

Сондықтан «Мамлютка-Қостанай» тасжолының 180-250 шақырымы жабылды. Бұл - Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы мен Ұзынкөл елдімекенінің аралығы.

Аймақта бүгін сағат 17:00 бастап «Екатеринбург - Алматы» автожолының 686-729 шақырымында автокөліктің барлық түрінің қозғалысына тыйым салынды.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында қатты аязға байланысты жол жабылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар