42 500 теңге: Өтінімдер қабылдау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «42 500 теңге» төлеміне өтінімдер қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға ыңғайлы болу және порталдардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу мақсатында egov.kz және 42500.enbek.kz-те Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады», - делінген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратында.

Ведомство мәліметінше, 16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдар және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін төлемге өтінімдер қабылдау 17 шілдеде басталады.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.

Естеріңізге сала кетейік, 700 мың қазақстандық «42 500 теңге» төлемін проактивті түрде тағайындау үшін SMS-хабарлама алған болатын.

Келесі арналарды пайдалана отырып, өтініш беруге болады:

- egov.kz – «электрондық үкімет» веб-порталы;

- 42500.enbek.kz порталы;

- telegram-bot-тар;

- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы;

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары.

Өтінімдерді қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар