42 500 теңге қай банкке аударылғанын тексеру мүмкіндігі жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев 42 500 теңгеге өтінім мақұлданғаннан кейін, ақша қай банкке жіберілгенін көру мүмкіндігі жасалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайырлы кеш! «Есепшотқа ақша жіберілді ме?» деген сұрақ көп түсіп жатыр. Нақты ЖСН бойынша да тексеріп беруді жиі өтінеді. Сондықтан сіздердің әрқайсыларыңыз ақшаның жіберілгендігін және жіберілсе қайда түскендігін білулеріңіз үшін цифрлық командамыз соңғы бірнеше күн бойы бірқатар интеграциялық және техникалық жұмыстар жүргізді. Ендігі уақытта egov.kz және 42500.enbek.kz -те өтінім статусынан ақша жіберілгендігін тексеруге және жіберілсе қай банкке аударылғанын көруге болады», - деп жазды ол Telegram-парақшасында.

Вице-министрдің атап өтуінше, өтінім мақұлданып, ақша жіберілген болса, онда статус 5-інші қадамды жасыл түспен көрсетеді және төменгі жағында қай банкке 42 500 теңге жөнелтілгендігі жазылады. Егер картаңызға түскен ақшаны көрмесеңіз, онда банкке жүгінуіңіз қажет.

«Егер өтінім мақұлданғанымен есепшот нөмірі қате көрсетілсе, онда статус 5-інші қадамды сары түспен көрсетеді және төменгі жағында сіздің дұрыс есепшот нөміріңізді алуымыз үшін не істеуіңіз керектігі туралы ақпарат болады. Мұндай қателіктерді біз жиі анықтаймыз. Сонымен қатар оны жиі көре де бермейміз және банктер ақшаны кері қайтарып жібереді. Мұндай жағдайда біздің базамыз арқылы немесе СМС арқылы басқа есепшот іздеуге тура келеді», - деді Нариман Мұқышев.


Соңғы жаңалықтар